"Сарыарқа дарыны"

Бүгін "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Жамбыл Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары арасында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Алаштың рухани мұрасы және Тәуелсіздік мұраты" тақырыбындағы дәстүрлі облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның негізгі бағыттары: 1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы-Алаш идеясының жүзеге асқан мұраты; 2. Алаш қайреткерлері шығармаларындағы тәуелсіздік тақырыбы; Эссе жазу (тақырыбы сол уақытта берілді). Аталған, бағыттар бойынша мектеп-лицейімізден: Несіпбек Ерсін 9 "А" сынып оқушысы  бағыт бойынша жүлделі ІІ орын алса; 3. Бағыт бойынша: Несіпбай Назерке 9 "В" сынып оқушысы ІІ орын және Жетібаева Ләйлә 9 "А" сынып оқушысы ІІІ орын алды. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерді құттықтаймыз!