"Казахмыс"
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап. Осы аталған негізгі міндеттер негізінде өткен қаламыздың "Казахмыс" политехникалық колледжінің маманымен бірлескен онлайн семинарының басты мақсаты болды. Семинарға мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысып, қазіргі ТжКБ беру мекемелеріндегі өзгерістер мен колледждегі факультеттер туралы жалпы ақпараттар алды.
Дата: 1.04.2021, 13:57 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі