«Білім сапасын арттыру үшін басқару мен бақылау стилін дамыту жолдары»
27.03.2021 күні мектеп ұжымына «Білім сапасын арттыру үшін басқару мен бақылау стилін дамыту жолдары» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес ZOOM платформасында өткізілді.
Барлығы 84 педагог қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қаралды:
Бірінші сұрақ бойынша директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.О. Ерменбетова №3 педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалысы бойынша жан-жақты талдау жасап, мектеп-лицейішілік бақылау нәтижелерінің қорытындысына тоқталды. «Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылау» тақырыбында бақылау жүргізудің маңыздылығы-мектепішілік бақылауда тұрған сыныптардың қорытынды нәтижесімен таныстырды.
Екінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Камзина мектеп-лицейдегі тәрбие жұмысын нормативтік -құқықтық қамтамасыз ету тақырыбында тәрбие жұмысына арналған нормативтік жоспарлау құжаттамасымен таныстырды.
Үшінші сұрақ аясында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.Б.Жакыпбекова 2020-2021 оқу жылындағы ІІІ тоқсанның білім сапасын, пәндік көрсеткіштерге, сынып бойынша білім сапасына толықтай тоқталып өтті.
Төртінші сұрақ бойынша «Мұғалімнің кәсіби өсу: сандық технологияларды игеруі» тақырыбында сандық сауаттылық мониторингісін, ең жоғары деңгейде тұрған педагогтерді директордың ақпараттық ісі-жөніндегі орынбасары Э.К. Айтимбетова атап өтті.
Бесінші сұрақ аясында «Lesson stady» сабақтағы іс-әрекетті зерттеу фокус топтары жұмыстарының нәтижесіне мектеп-лицей координаторы А.Т. Садвокасова тоқталып, 9Б сыныбы фокус топ жетекшісі Б.Б.Ахтанова және 8Ә сыныбы фокус топ жетекшісі Д.Е.Икласбаева жүргізілген зерттеулердің бірізді, мазмұнды жүргізілгенін баса айтты.
Алтыншы сұтақ бойынша ақпараттық қауіпсідіктің алдын-алу мақсатында мектеп-лицей психологы Г.Т.Карина «Оқу- тәрбие үрдісінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу. Кибермәдениет және кибергигиена» тақырыбындағы таныстырылым құжаттары көрсетілді. Кибергигиена-бұл интернеттегі жұмыс істеу қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін күнделікті әдеттер, білім мен дағдылар жиынтығы екенін ескертіп, интернеттегі қауіпсіз “серфинг” бойынша ұсыныстар реті көрсетілді.
Жетінші сұрақ аясында «Кәсіби бағдар беру және серіктестік»