"ULKEN JUREK"
Бүгін, 16.03.21ж
"Нұр шуағын төккен, қош келдің Наурыз!" мерекелік іс-шарасы аясында Әлихан еріктілері "Наурыз шапағаты" атты еріктілер акциясын өткізді.
Қаламыздағы "ULKEN JUREK" даму және әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен "Шежіре күнін" бірге өткізіп, ән шырқап , күй тартты. Өздері дайындаған 10 кг бауырсақты орталықтағы достарына ұсынып, дәм татқызды.
Ерікті болу-жүректің ісі. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай:
"Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!" деген ұстанымды үлгі еткен Әлихан еріктілері басқаларға үлгі болмақ.
Дата: 18.03.2021, 14:44 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі