Бүгін тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл.
Бүгін тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл.
2021 жылдың 5 наурыз күні Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсемі, Алаш-Орда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жан-жақты энциклопедист ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туған күні және 155 жыл толуына арналған салтанатты саптық жиын өтті. Әлихан Бөкейхан халықтың жанына жігер, жүрегіне сенім ұялатқан, қазақ халқының дербес ел, азат ұлт ретінде өмір сүре алатынын басқара білетін, елшіл, мемлекетшіл қайраткер екенін көрсеткен.
Өз халқының тәуелсіздігімен қатар сол халықтың заманауи даму үрдісінен де қалмауы үшін күрескен ұлт мақтанышы.
Тәуелсіздік құндылығын дәріптеу және «Әлихантану» жобасы арқылы Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханды таныстыра отырып, рухани адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген саптық жиын мектеп-лицей директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Қарлығаш Шәкірімқызының құттықтау сөзімен ашылды.
«Әлихан Бөкейхан» қоғамдық қорының жетекшісі Махмұт Жарылғап Сәдуақасұлы «Қыр баласы»-Ұлт көсемі, алты алаштың болашағы жарқын екенін, дара жолын жас ұрпаққа үлгі етіп қатысушы ата-аналар мен оқушыларды құттықтады.
Мектеп-лицейіміздің «Әлихан» есімді оқушыларға «Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсемі, Алаш-Орда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жан-жақты энциклопедист ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның есіміне сай қазақ елінің мақтанышы бол!» деген ұрандағы «тілек-жолдауды» табыстау үшін мектеп-лицейіміздің ардагер ұстаздары арнайы шақырылды:
Жунус Несипкайша Гылымжановна- ардагер ұстаз, «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісінің иегері, француз тілі пәнінің мұғалімі;
Ермекова Кульшара Алимхановна- ардагер ұстаз, көркем еңбек пәнінің мұғалімі;
Аскаров Мадияр Чолкарбаевич- ардагер ұстаз, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өнегелі өмірі жастарды адамгершілікке, отаншылдыққа тәрбиелеп, сүйіспеншілігін арттырады.