«Мектепте дебат қозғалысын жандандыру»

«Мектепте дебат қозғалысын жандандыру»

✅27.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығы және ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойына арналған мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирі өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың «мектепте дебат қозғалысын жандандыру» мазмұнындағы бастамасын негізге ала отырып, 8-11 сыныптар арасында өткен американдық парламенттік форматтағы (АПФ) пікірсайыс турнирінің барысында бәсекелестік рухы сақталды.
Турнирдің мақсаты: Оқушылар арасында сыни ойлау тұрғысын, ораторлық қабілет, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыру.
Турнирге 8-11 сыныптардан құралған 8 фракция белсенді қатысты:
1. «Альфа» фракциясы (8 «А» сыныбы);
2. «Афина» фракциясы (9 «А» сыныбы);
3. «Массагет» фракциясы (9 «В» сыныбы);
4. «Ақиқат ұшқыны» фракциясы (9 «В» сыныбы);
5. «Демосфен» фракциясы (9 «В» сыныбы);
6. «Жас қырандар» фракциясы (10 «А» сыныбы);
7. «Платон» фракциясы (11 «А» сыныбы);
8. «Алаш қырандары» фракциясы (11 «Ә» сыныбы).

Ойынға Балқаш қаласы бойынша пікірсайыс қозғалысының тәжірибелі, білікті әрі беделді мүшелері сапалы төрелік етті:
• Бас төреші – Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Шашубай кентіндегі МББК ТМ (РО)» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Мағза Берлібек Балтабекұлы;
• Төреші-мырза – Болат Елдос, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ-нің оқытушысы, аға буын өкілі, «Жұлдыз» дебат клубының жетекшісі, қалалық, облыстық және республикалық турнирлердің жүлдегері;
• Төреші-мырза Түсіпбек Қуаныш Есімханұлы – Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің «Шашубай кентіндегі МББК ТМ (РО)» КММ тарих пәнінің мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі;
• Төреші-мырза Жүзбай Бөкейхан Қарағанды облысы білім басқармасының «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатының дене шынықтыру мұғалімі, қалалық дебат қозғалысының беделді мүшесі, аға буын өкілі;
• Төреші-ханым Жұмасейіт Н