" Миыңды қозға "
2021 жылдың 19 ақпанында "Жастар айлағы" қоғамдық бірлестігі қаланың жоғары сынып оқушылары арасында "Миыңды қозға " интеллектуалды ойынын алты мектеп арасында ұйымдастырды.
Ойынның мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, еркін ойлауға, алған білімдерін пысықтап, саралап, қызығушылықтарын арттыру. Ойын мемлекеттік тілде "Рухани жаңғыру" орталығында өтті. Ойынға мектеп - лицейдің 10 А, 10 Ә сынып оқушылары қатысты. Атап айтсақ:
Тұрысбек Ерасыл
Ғабдуманап Ерасыл
Жанабеков Дарын
Шалғынбаева Мадина
Амангелді Аяулым.
Ойын 2 кезеңнен тұрды :
Бірінші кезеңде оқушылар Абай атындағы №2 мектеп-лицейімен сынға түсіп, 2 - кезеңге жолдама алды.
Екінші кезеңде оқушылар жалпы білім беретін №16 орта мектеппен және С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиямен сынға түсіп I дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.