«Салауатты өмір-нұрлы болашақ»
15.02.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасы және оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық біріңғай «Денің сау болса, бәрін аласың» тақырыбында денешынықтыру апталығының ашылу салтанаты онлайн және офлайн форматта өтті.
Мақсаты: дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға уәждемені қалыптастыру.
Саптық жиынға мектеп-лицейдің 5-10 сынып оқушылары қатысты.
Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы. Саптық жиын барысында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің әзірлеген «Салауатты өмір-нұрлы болашақ» тақырыбындағы мотивациялық бейнеролигімен ашылып, мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының құттықтау сөзімен басталды.
Салауатты өмір салтын қалыптаструда дене тәрбиесінің маңызы зор, екенін денсаулығы насихаттайтын «Sport.Sport.Sport» тақырыбында 6 сынып көшбасшыларының үгіт-насихат тобы жалғастырды.
Саптық жиын соңында эстетикалық-кәсіптік бағдар беру кафедрасының жетекшісі Алимбетова С.А іс-шаралар жоспарымен таныстырды.