Размер шрифта:

Педагогикалық кеңес өтті

Педагогикалық кеңес өтті

12.02.2021ж. Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-нде қалалық білім бөлімінің кестесіне сәйкес педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібінде «2019-2020; 2020-2021 оқу жылындағы білім сапасын салыстыру» тақырыбында мәселелер қарастырылды. Педагогикалық кеңесті мектеп-лицей директоры Дүбірбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы жүргізді. Кеңесте қаралған мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерменбетова Г.О. мектеп-лицейдің білім сапасына жан-жақты тоқталып, өткен оқу жылы мен биылғы 2020-2021 оқу жылының білім алушыларының жалпы санын салыстыра отырып, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін сыныптардың білім сапасын саралап, негізгі пәндік білім сапасына да талдау жасады. Сонымен қатар, жалпы орта білім беретін 11-сыныптардың кәсіптік оқытуға бағдарланған пәндері бойынша білімдерін айқындайтын ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысына да тоқталды. Кеңестің шешіміне: нәтижеге бағытталған білім сапасын арттыруда ұстаз, оқушы, ата-ана үштік одақ арасындағы кері байланысты нығайту, зерттеу, бақылау жұмыстарын күшейту және жеке кеңес топтарының жұмысын жандандыру мектеп-лицей әкімшілігі мен пән мұғалімдеріне тапсырылды. Педагогикалық кеңеске қатысушы Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласы білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бектұрғанова Әсия Оңғарбековна білім сапасының жан-жақты талданғанын тыңдай отырып, ұсынысын білдірді:
- мектеп-лицейдің білім сапасын арттыруға үлесін қосатын әсіресе, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор біліктілік санаты бар педагогтер әдістемелік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жандандыру;
- пәннің берілу сапасына мән беру;
- кәсіптік шеберлігін арттыруға бағытталған семинар, курстарға қатысып жүрген педагогтер мектеп-лицейдің әдістемелік жұмысына ұжымдық, топтық, жекелей белсенді түрлері мен әдістерін іс-тәжірибелеріне енгізу.