"Кәсіби бағдар беру" мақсатында "кіші мейіргер" курсы


"Кәсіби бағдар беру" мақсатында "кіші мейіргер" мамандығы бойынша 9-сыныптар оқушыларына өткен онлайн сабақтардың бірі. Қыркүйек айынан бастап атаулы курс онлайн форматта өтуде. Осыған дейін онлайн семинарлар мен онлайн сұхбаттар оқушылардың білімдерін толықтырып отырды десек болады. Биология пәнінен қызығушылықтары жоғары оқушылар осы "кіші мейіргер" курсынан алатын білімдері көп екендігін жиі айтуда. Осы жолғы онлайн сабақ "көз, тіл, ауыз, мұрын гигиенасы" туралы болды. Онлайн лекциядан бөлек, онлайн практика арқылы берілген білім оқушылардың қызығушылығын арттырып, сұрақ қою арқылы сабақ жандана түсті.