«Тәрбие жұмысындағы мектепішілік бақылау»

 «Тәрбие жұмысындағы мектепішілік бақылау»

✅2021 жылдың  5-6 қаңтар күндері Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен «Қысқы мектеп» жұмысының жоспарына сәйкес «Болашақ басшы» кадрлық резерв мектебі курсының тыңдаушыларына «Тәрбие жұмысындағы мектепішілік бақылау»  тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Камзина мектеп-лицейішілік бақылау мен басқару жұмыстары бойынша ой бөлісті. Бақылау-мектептің оқу-тәрбие процесінің жағдайын бағалау жүйесі мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі арқылы жүргізілетін процесс екеніне тоқталып, бақылаудың мазмұны, мақсаты, түрі және объектілері туралы теориялық тұрғыда айтылса, екінші күні директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.О.Ерменбетова бағыт-бағдар бере отырып, іс-тәжірибе түрінде жағдаяттар ұсыну арқылы тыңдаушылармен бірге ашық алаңда талқыланды. Курс соңында тыңдаушыларға мектеп-лицейдегі 2020-2021 оқу жылына арналған оқу  жоспарына енгізілген оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілетін арттыруға арналған үйірме, таңдау курстары туралы бейнебаян ұсынылып, кері байланыс алынды.