Қарағанды қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыруымен Жетекші мектептердің аймақтық онлайн Форумы

Қарағанды қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыруымен Жетекші мектептердің аймақтық онлайн Форумы

✅25.11.2020 күні Қарағанды қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыруымен Жетекші мектептердің аймақтық онлайн Форумы өткізілді. Форумның мақсаты жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру үрдісінде жетекші мектептер арасынан тәжірибе таратудан әріптестікке көшу үшін ең шебер педагогтар ұжымын анықтап, серіктестікте жұмыс жасауға жұмылдыру. Форумның пленарлық бөлімінде «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А. О. Бектурганова «Роль Ведущих школ в повышении профессиональной компетенций педагогов: Перстпективы», жетекші мектеп басшылары «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласынығы №15 мектеп-лицейі» КММ-нің директоры К.Ш.Дубирбекова «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда жетекші мектептердің рөлі және болашақ қадамдары», «Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі» КММ-нің директоры С.Т. Сыздыкова «Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді жолдары», «Балқаш қаласы жалпы білім беретін № 4 орта мектебі» КММ-нің директоры И.В. Фролова «Образование без границ» тақырыптарында жетекші мектептердің серіктес мектептермен 2020-2025 білім берудің дамуына арналған жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру процесі зерттеу құзыреттіліктерімен байланысты сабақты зерттеу мен іс-әрекетті зерттеу, талдау, бағалау нәтижелерінің рефлексиясы білім, білік пен дағдыларды кеңейтуге мүмкіндік беретіндігіне тоқталды.