“Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” республикалық акция аясында Zoom платформасында ашық алаң

“Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” республикалық акция аясында Zoom платформасында ашық алаң
20.11.2020 ж. күні “Отбасы сағаты” жобасы аясында, 8-9 сынып оқушыларына “Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” республикалық акция аясында Zoom платформасында ашық алаң өтті.
    Мақсаты:Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.
       Ашық алаңға Полиция бөлімімен полиция қызметкері, мектеп-лицей инспекторы  Нұрбек Аян Алтайұлы,   тарих пәнінің мұғалімі Асемханова Гульнар Базылханқызы, география пәнінің мұғалімі Сатбек Саламат Кенжегалымулы,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Тәңірберлі Дархан Рүстемұлы, қазақ тілі мұғалімі Мухаметжанова Фарида Айтказыевна қатысты.  Ашық алаңда ұстаздар қатыгездіктің алдын алу мақсатында отбасындағы жақын жандарына, ата-анасына, өскен ортасына, достарына, қоршаған ортаға, аң-құстарға, табиғатқа құрметпен қарауға, бағалауға және жанашырлық мейірімділік танытуға оқушыларды шақырды.
      «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады!» жоғары буын оқушылары арасындағы  онлайн эссе онлайн форматта жазылды. Эссені 10 сынып  оқушылары Шаймарданова Аяжан, Шалғынбаева Мадина жазып, өз ойларын жеткізе білді.