"Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы"

"Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы" ұлттық жобасы ҚР Президентінің "Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасы және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстар шеңберінде әзірленген. Атлас жұмыспен қамту және еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерді жақсартуға, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында даярлау, оқыту бағдарламаларының өзектілігін арттыруға бағытталған. Атлас нәтижелері жаңа білім беру пәндерін енгізу кезінде оқу орындары үшін негізгі бағдарға айналады.