"Қыздар арасында"
Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Осы орайда "Қыздар арасында" тақырыбында 9-11 сынып қыз балаларымен Zoom платформасында диалогтік алаң өткізілді.Ардагер ұстаз, француз тілі пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин медальінің иегері Жусуп Несіпқайша Гылымжановна мен 11 “А” сынып оқушысы Серікбай Айнұр қыз бала тәрбиесі туралы негізгі ойларын айтып ортаға салды.
Дата: 13.10.2020, 9:07 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі