"Еңбек күні"
✅ Құрметті әріптестер!
Сіздерді "Еңбек күні" мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Еңбек адамдары мемлекет игілігінің қайнар көзі саналатыны ақиқат.
Өйткені әрбір қазақстандық азаматтың лайықты, адал, кәсіби еңбегі - егемен еліміздің экономикасы мен әлеуетінің дамуының негізі. Еңбек адамдарын құрметтеу, олардың мәртебесін арттыру баршамызға ортақ міндет.
Адал кәсіппен отанымыздың өсіп-өркендеуіне сіңірген еңбектеріңіздің елене беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, әр бастамаларыңызға сәттіліктер тілейміз. Мереке құтты болсын!
Дата: 28.09.2020, 14:58 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі