Размер шрифта:

Қазақстан халқының Тілдер күні

Қазақстан халқының Тілдер күні

 04.09.2020ж. Қазақстан халқының Тілдер күнін атап өтуге байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәніннің мұғалімі Қ. Б. Тайжанова мен орыс тілі мен әдебиеті пәніннің мұғалімі Д. М. Тулкина 4"Ә" сыныбы оқушыларымен zoom платформасында дөңгелек үстел өткізді. Алаш қайраткері, ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы таныстырылым жасалды. Сынып оқушылары тіл туралы өлеңдер мен нақыл сөздерді жатқа айтып, өз ойларын ортаға салды.Бойында қазақтың қаны бар, намысы бар кез келген адам бабалардан қалған асыл мұрасы өз тілін қадірлеуге, көзінің қарашығындай қорғауға міндетті деген оймен қорытындылады.