«Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері»
✅ 26 тамыз сағат 11.00-де Қарағанды облысы әкімі Ж.Қасымбектің қатысуымен «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбында облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Тамыз кеңесі жұмысына әлеуметтік сала бойынша әкімнің орынбасарлары, Қарағанды облысы бойынша республикалық мемлекеттік мекемелер, облыстық басқармалар, білім бөлімдерінің басшылары, педагогтар қауымдастығы, ата-аналар, қамқоршылық кеңестерінің өкілдері қатысты. Тамыз кеңесі аясында өткен оқу жылының қорытындысы талқыланып, алдағы оқу жылына арналған міндеттер мен еліміздің білім және ғылым жүйесін дамытудың басым бағыттары белгіленді. Онлайн режимінде өткен бұл іс-шараны мектеп әкімшілігі тыңдады.
Дата: 31.08.2020, 16:01 Автор: Школа - лицей №15 имени Алихана Букейханова