«Мен өз Конституциямды білемін!»

«Мен өз Конституциямды білемін!»
✅ Қазақстан Республикасы егемен ел болып, өзінің Ата Заңы Конституциясын қабылдағанына 25 жыл болды. 1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, ел тарихында өшпес орын қалдырды.
✅ Конституцияның 25 жылдығына орай «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының 15 мектеп-лицейі» КММ, 2-8 сыныптар арасында «Мен өз конституциямды білемін!» атты байқау өткізіледі.
«Мен өз Конституциямды білемін!» байқауы туралы ереже
✅ Байқаудың мақсаты мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасының ата заңы бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін зерделеу негізінде, заң мен құқықты құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген базалық жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру.
4. Адам құқықтары туралы білім саласында дарынды оқушыларды анықтау
5. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
✅ Байқауға қатысушылар
Байқауға 2-8 сынып оқушылары қатысады.
✅ Өткізу мерзімі
1. Байқау 27.08.20-29.08.20 аралығында өткізіледі
2. Байқау қорытындысын шығару: 30.08.20
3. Нәтижелерді сайтқа орналастыру 30.08.20
Байқау номинациясы:
Ұсынылған жұмыстар байқау идеясымен байланысты болуы тиіс.
✅ Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі
Суреттер мен плакаттар байқауы:
«Конституция балалар көзімен», «Мен және менің елімнің Конституциясы»
«Мен өлең оқимын!» - байқау тақырыбына сай , оқушының видео жұмысы қабылданады.
✅Байқау жұмысын бағалау критерийлері
1. Байқау тақырыбын ашу;
2. Жұмыстың мазмұны, дербестігі және мәнерлілігі;
3. Материалдың өзіндік ерекшелігі, стандартты емес, жаңашылдығы;
4. Шығармашылық көзқарас.
✅ Байқау қорытындысын шығару
1. Байқау қорытындысы 30.08.20
2. Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.