1 сыныпқа қабылдану"электронды үкімет" порталы арқылы өтініш
"Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ хабарлайды:
1 сыныпқа қабылдану үшін ата аналар "электронды үкімет" порталы арқылы өтініш бере алады.
1. "Электронды үкімет" порталына электронды цифрлық қолтаңба арқылы немесе бір реттік пароль арқылы кіру қажет;
2."Білім" бөлімінде "орта білім" бөлімшесіне кіру;
3."Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)" басу қажет;
4."Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына алу және құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдау керек;
5.Қажетті құжаттардың электронды түрін тіркеу: Денсаулық жағдайы туралы анықтама № 063/у және 026/у-3 нысан (денсаулық паспорты).
Баланың 3х4 өлшемді 2 фотосурет.
6.электронды қолтаңба арқылы өтінішке қол қою және жіберу. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін 5 күннің ішінде хабарлама арқылы немесе жеке кабинетте көре аласыз.
#ООБ_школадома