"Кәсіптік бағдар беру бағыты"

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап, дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Осы орайда 20.05.2020 күні "Кәсіптік бағдар беру бағытындағы оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауы" тақырыбында 9 - 11 сынып оқушылары мен ата-аналары үшін ZOOM платформасында онлайн семинар өтті. Семинарға қаламыздағы колледждерден арнайы пәндер оқытушылары мен қабылдау комиссияларының төрағалары қатысты. Спикерлер: «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі - Болат Елдос Өмірбекұлы
✅«Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі»- Топарқұлов Айбек Қазбекұлы
✅«Балқаш қаласының Медициналық колледжі»-Шалкажанова Айзада Жарылқапқызы колледждерге түсу ережелері және оқушымен ата-аналар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді. Семинар барысында, биылғы жылдың статистикалық көрсеткіші бойынша қажетті мамандықтар тізімі көрсетіліп, талдау жүргізілді.