«Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды!» атты ерлік сағаты
30 сәуір -Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атамыздың рухына арнап 9-сыныптар арасында «Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды!» атты ерлік сағаты ZOOM платформасында өтті. Конференцияда 4 оқушы өздерінің зерттеу жұмыстарымен ой бөлісті. Олар 9 “А” сынып оқушылары Айтказин Данияр «Ұлы Отан соғысына Қазақстандықтардың қосқан үлесі», Сарсенбай Назира «Шығыстың батыр қыздары» және 9 “Ә” сыныбының оқушылары Шалғынбаева Мадина «Менің батыр бабам-Шаймарданұлы Шалғынбай» және Есенғалды Әліби «Менің атам-жауынгер» Оразбай Садық ата. Жалпы оқушыларға «Ұлы Отан соғысы» туралы бейнебаян мен тарихи деректер көрсетіліп, кері байланыс жасалды. Тарих пәнінің мұғалімі Асемханова Г.Б конференция соңында оқушыларға Рейхстагқа ту тіккен батыр Рақымжан Қошқарбаев туралы құнды ақпарат айта кетті. “Ерлік сағатын”-өткізген тарих пәнінің мұғалімдері Асемханова Г.Б, Тукай Г. #ООБ_школадомаДата: 6.05.2020, 23:21 Автор: Школа - лицей №15 имени Алихана Букейханова