Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ-нің басшысы, Ержолова Жанар Аскербековна
Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ-нің басшысы, Ержолова Жанар Аскербековна
1. Сіздің ұйымыңыз туралы қысқаша айтып берсеңіз.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі – ПМПК) - бұл туғаннан 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді тексеру және кеңес беру қызметін жүзеге асыратын арнайы білім беру ұйымы. Бұл үдерісті дәрігерлер (невропатолог, психиатр, офтальмолог) және педагогтар (логопед, дефектолог, психолог, сурдопедагог, әлеуметтік педагог) жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша ПМПК баланың дамуы мен тәрбиесінде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін қандай бағдарламаға сәйкес оқыту керек екендігін анықтайды.
2. Кейін ПМПК қорытындысы қалай қолданылады?
ПМПК беретін қорытындыларға сәйкес ерекше білім беру қажеттілігі бар бала жалпы білім беретін мектепте немесе инклюзивті білім беру жағдайында қарапайым балабақшада оқи алады, арнайы мектеп немесе арнайы балабақша тобына, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне, ата-аналарының келісімімен оңалту орталығына қабылдануы мүмкін. Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту және түзету-педагогикалық көмек ПМПК қорытындысына қатаң сәйкес жүргізілуі тиіс. ПМПК қорытындысы ата-аналар үшін ұсынымдық сипатқа ие, бірақ білім беру ұйымдары үшін міндетті түрде болуы тиіс. Бұл ата-аналардың ПМПК беретін ұсынымдарды қабылдамауына, олармен келіспеуіне құқылы екендігін білдіреді. Бірақ, егер ата-аналар ПМПК-мен келіссе және қорытындыны білім беру ұйымына беретін болса, онда бала ПМПК-нің қорытындысына сәйкес түзету көмегінің қажетті көлемін алуы тиіс
3. Карантин жағдайында психологиялық-медициналық-педкагогикалық кеңесі қызметін қалай жүзеге асыруда?
Қарағанды облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі қашықтықтан жұмыс режиміне көшті және баланың ата-аналарына ыңғайлы техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, онлайн режимінде балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестік көмек көрсету және тексеру бойынша қызметті жүзеге асырып жатыр.
4. Ата-аналар онлайн режимінде тексеруден өту үшін не істеу керек? Ең алдымен, ата-аналар қабылдауға жазылу керек.