Қамқоршылық кеңес хаттамасы №3

Қамқоршылық кеңес жиналысының хаттамасы №3

06.03.2020ж

                                                                     «Әлихан Бөкейханов атындағы

                                                  Балқаш қаласының

                                                              №15 мектеп-лицейі» КММ

 

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кезекті отырысы

Өткізу формасы: дөңгелек үстел

Қатысқандар: ата-аналар – 9  (мектеп-лицейдің қамқоршылық кеңес мүшелері)

Күн тәртібінде:

1.Мектеп-лицейде тегін тамақтың ұйымдастырылуы

2.Наурыз мейрамының  ұйымдастырылуы. Мерекелік іс-шаралардың өтуі.

 

Тыңдалды:

1.Қамқоршылық кеңес отырысын  мектеп-лицей директоры Қ.Ш.Дубирбекова ашты. Кеңес отырысы барысында мектеп-лицейдегі қала көшелеріндегі алыс мекенжайдан қатынап оқитын  60 оқушыға жергілікті бюджет есебінен жолақысы есепшоттарға аударылғандығы жөнінде  және  наурыз айында  Қалалық білім бөлімінің бекітуімен 4 апталық ас мәзірін бекітуге қатыстырылғандығы туралы айтылды. ЖББ қорынан тегін тамақтану үшін әр оқушыға 600 теңге қарастырылғандығы жөнінде атап өтілді.Мектеп лицейде, қазіргі уақытта 59 көп балалы отбасы және аз қамсыздандырылған отбасынан 32 оқушы оқитындығы айтылды.

2.8- Наурыз Аналар мерекесі мен 22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні мейрамдарының өткізілуі туралы қамқоршылық кеңес мүшелері сөз қозғады.Мейрамды өткізу туралы кесте, жоспар жасалғандығы туралы айтылып өтті.

 

 

 

Шешім:

1.Қамқоршылық кеңес жұмысы мектеп асханасында сапалы тамақ берілуі мен 4 апталық өзгертілген ас мәзірінің берілуі қадағалансын.

2.Мектеп-лицейде 2019-2020 оқу жылында мерекелік іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылып, ата-аналар тарапынан қолдау жалғасын тауып, орындалсын

 

Төрайымы                                  Дубирбекова Қ.Ш.

Хатшы:        Жакупова Ш.Т.