«Ұжымдағы достық» әлеуметтік жоба
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық ,білім беру және сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық қашықтықтан өтетін «Ұжымдағы достық» әлеуметтік жоба аясында мектеп-лицейдің 7 «А» сынып оқушылары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты. Акция аясында қаламыздағы «Үлкен жүрек» даму және әлеуметтік бейімдеу орталығына барды. Орталықтағы қоғамның ерекше назарын қажет ететін балаларға оқушылар ән, күйден шашу шашып, жырдан маржан төкті. Өз қолдарынан ұжыммен біріге отырып жасаған сыйлықтарын тарту етті.
Ұйымдастырушылар: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Алгадаева Г.С және сынып жетекшісі Каденова Г.Ж
Дата: 18.09.2019, 8:23 Автор: Школа - лицей №15 имени Алихана Букейханова