«Дені сау ұрпақ-болашақ кепілі!»
«Дені сау ұрпақ-болашақ кепілі!» атты дүниежүзілік Денсаулық күні аясында өткен мектеп-лицейшілік спорттық іс-шаралар болып өтті.
Денсаулық күніне 1-8 сынып оқушылары қатысты.
1«Ә»сынып оқушылары «Соқыр теке» , «Асық», «Ақ серек-көк серек », «Арқан тартыс» атты қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.Ұйымдастырған: 1 ә сынып жетекшісі : Байсеркина Б.М
3-4 сыныптар арасында «Көңілді мәре» сайысы өте тартымды өтті. Нәтижесінде 4 сыныптар арасында 4Б сыныбы 1орын , 4В сыныбы -2 орын,3 орын 4Г сынптары иеленсе, ал 3 сыныптар арсында 3 А сыныбы -1 орын , 3 Б сыныбы – 2 орын алды. Ұйымдастырған: Ж.Г. Балтабаева
5 сыныптарда «Спорт –өмір көркі» атты көңілді мәре сайысы қызықты өтті. Жарыста «Қыран» және «Барыс»тобы болды. Жарыс өте қызықты тартысты өтті. «Көңілді мәре»сайысында I-орынды «Қыран» тобы II-орын «Барыс» тобы иеленді. Ұйымдастырған: Г.Е.Какимашова
6 сынып қыздарының арасында «Президенттік миля» (1600м) жеңіл атлетикалық жүгірісі өтті. I-орынды 6Ә сынып оқушысы Қоставлет Ақбота , II-орынды 6Ә сынып оқушысы Төрехан Ділназ III-орынды 6Б сынып оқушысы Алибаева Гүлнұр алды. Ұйымдастырған: Н.У. Тасимбеков
6-7-8 сынып ұлдары арасында «Былғары доп» футбол ойын жарысы өтті. Нәтижесінде 6 сыныптар бойынша 1 орын – 6 «Б» сыныбы , 2 орын 6 «Г» сыныбы ,3 орынды 6 «Ә» сыныбы алды.
7 сыныптар арасында 1 орынды- 7 А сыныбы,2 орынды -7 Б сыныбы , 3 орынды -7В сыныбы ие болды.
8 сыныптар арасында 8Б сыныбы -1 орын алса, 8 В сынбы -2 орын иеленді. . Ұйымдастырған: Д.Р. Тәңірберлі
«Спорт-ол күш,спорт ол-өмір» тақырыбында 7, 8 сынып қыздарының арасында баскетболдан және волейболдан жолдастық кездесу өтті. Ұйымдастырған:Алимбетова С.А, Жасымхан Н.М
Денсаулық күні аясында өткен спорттық іс- шараға 223 оқушы қатысты. Оқушылар жарысқа жақсы көңіл күймен қатысты. Жарыс қызықты ,тартымды болып өтті.