«Табыс формуласы »
«Табыс формуласы » бағдарламасын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп" КММ -мен ынтымақтастық және кәсіби даму қоғамдастығын жүзеге асыруда ақпан айында атаулы мектепте оқыту семинары өткізілді. Семинарға 36 мұғалім қатысты. «Ой қозғау» стратегиясымен жұмысты бастай отырып, жаңартылған білім беру мазмұны жайлы мұғалімдерден Не білемін? Не білгім келеді? кері байланысын жүргізу арқылы «Таза тақта» стратегиясына – ҚМЖ
- Саралау тәсілдері – Модерация жүргізу жолдары
– Белсенді әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде қолдану тақырыптарында қажеттіліктер туындағаны анықтап алынды. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында қолданылатын түйінді құжаттар мен терминдерге тоқталып, мұғалімдерге нәтижелі сабақты жоспарлаудың маңыздылығын түсіндіру, жаңа үлгідегі сабақтың қысқа мерзімді жоспарларын құрудың ерекшеліктерімен практикалық жұмыс жасай отырып танысты. Саралау - әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Саралап оқытудың мақсаты:
ü Әрбір оқушының бейімділіктерін айқындауға, қызығушылығын арттырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау.
ü Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру, ойлау қабілетін жетілдіру және болашақ кәсіби қызметіне бейімдеу түйінді ой жасалды.
Модерация дегеніміз не? Сауалын қою арқылы пікір талас жүргізе отырып, модерация жүргізу жолдары:
Модерацияны жүргізу тәртібі.... Модерацияға қатысушылардың міндеттері:
Модерация хаттама үлгісімен жұмыстар жүргізілді. Оқыту семинары соңында «Көңілді қалпақтар» және «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы рефлексия жүргізіліп ой түйін жасалды. Әріптестеріміз Г.М.Жуманова мен Ш.Т.Жакупованың ұйымдастыруымен өткізген оқыту семинарына әріптестеріміз: «Қарқынды жұмыс жасап, белсенді оқу тапсырмаларын орындау арқылы семинарда жетістікке жеттім», «Кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығын түсіндім», «Саралаудың 7 тәсілін сабақ үдерісінде тапсырмалар арқылы тиімді қолдану жолдарын түсіндім» жазбаша ұсынды.