«Ұлы Даланың жеті қыры»
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Қобыланды батыр»жырын насихаттау барысында 6- сынып оқушылар арасында мектеп кітапханашысы Г.Т.Башарова мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Б.Тайжанова дөңгелек үстел өткізді.
Бұл іс –шараға жергілікті ақын-сазгер «Пульс»газетінің тілшісі Қуандық Сәденов қатысып, оқушыларға эпостық жыр жайлы сүбелі ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында «Қобыланды батыр»жырынан бейнефильм көрсетіліп,жырдың зерттелуі жайлы жинаған мәліметтері негізінде қатысушылар пікір алмасып,топтық жұмыс арқылы кері байланыс жасады.
Дата: 15.02.2019, 14:20 Автор: Школа - лицей №15 имени Алихана Букейханова