«Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»

«Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп»

  30.01.2019 күні мектеп-лицейдің мәжіліс залында оқушыларға экстремизм, терроризм, оның түрлері, себептері мен зардаптары туралы түсінік беру мақсатында «Діни экстремизм-әлемге төнген қауіп» тақырыпта 8-ші сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде ардагер ұстаз Мейрамғазы Б.Б., және Балқаш қалалық әкімдігінің психологы Жанабергенова Ж.Х. дәріс оқылды. Кездесу барысында жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу керектігі айтылды. Сонымен қатар жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындырды