"Жаңа әліпбиге өтудің тиімді жолдары" атты дөңгелек үстел
2018 жылдың 03 қазанында Балқаш қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей базасында қала әкімімен бекітілген "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша ақпараттық - насихаттау тобының қатысуымен өтетін 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына" сәйкес қала мектептерінің қазақ тілі мұғалімдерімен "Жаңа әліпбиге өтудің тиімді жолдары" атты дөңгелек үстел болып өтті. Кездесу барысында Балқаш қаласының "Мәдениет және тілдерді дамыту" бөлімінің бас маманы Аяулым Қайратқызы мен №15 мектеп-лицей мұғалімі Гүлбаршын Сапарова өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар өз пікірлерін білдірді.
Дата: 4.10.2018, 9:30 Автор: Школа - лицей №15 имени Алихана Букейханова