Размер шрифта:

Денсаулық фестивалі ұлттық бағдарламасы аясында өткен «Дені саудың, рухы сау!» іс –шара

Денсаулық фестивалі ұлттық бағдарламасы аясында өткен «Дені саудың, рухы сау!»  іс –шара

«Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ

Денсаулық фестивалі ұлттық бағдарламасы аясында өткен «Дені саудың, рухы сау!»  іс –шара барысындағы

«Толағай» жарыс ақпараты

 

Денсаулық фестивалі ұлттық бағдарламасы аясында өтетін «Дені саудың, рухы сау!» тақырыбында,  ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде ата – аналарының қатысуымен «Толағай» атты спорттық отбасылық сайысы өтті. Сайысқа түскен отбасылық топтардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалары  күрделі болғанымен, әрбір топ бар ынта - жігерімен жеңіске ұмтылды. Алғырлығымен топты жарған «Қарлығаш» тобы жүлделі І - ші орынды қанжығаларына байлады. Сайысымыздың күміс жүлдегерлері «Қыран» тобы өздерінің ерекшеліктерімен, ізденістерімен көзге түсті.

 Әрбір отбасылық топты қолдауға келген жас жанкүйерлер де қатысушыларға ерекше күш – жігер сыйлап, қолдады. Алтын уақыттарын бөліп, мектеп өміріне өз үлестерін қосып, сайысымызға белсене қатысқандары үшін, ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!