Зиялы сенбі
2018 жылдың 8 мамыры күні «Зиялы сенбінің» қонағы болашақ инженер-зерттеушілер Қырымдағы «Артек» халықаралық балалар орталығында тәжірибе алмасып келген 11А сынып оқушысы Жақсыбеков Илияспен кездесу өтті. «Жігітке жеті өнер де аз», демекші, Ілияс Жақсыбеков мектеп-лицей оқушыларынан өзінің жеткен жетістерінің негізгі қадамдарын айтып өтті. Шахматтан, спорттан да төбе көрсетіп жүрсе, өнерден де құралақан болмай, қаламыздағы «Өнер мектебінің» домбыра сыныбында бес жыл білім алыпты. Математикадан қалалық олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға ие болса, физикадан облыстық олимпиадаға екі мәрте барып, бірінде ІІІ орын иеленіп, екіншісінде «Ең үздік идея» аталымымен марапатталған. Білімі мен мінезі, білігі мен қарапайымдылығы жарасым тапқан балқаштық өрен Ілияс Жақсыбековтің болашағына туыстары мен мектеп ұжымының үміті зор! Сәттілік серік болсын деп тілейміз!