"Еліме шуақ бер, Халқыма қуат бер, Әз Наурызым!"
"Еліме шуақ бер, Халқыма қуат бер, Әз Наурызым!"
Бүгінгі күні, ғасырлар бойы сақталған дәстүрлердің арқасында, сенім, ынтымақ, татулық пен келісімнің арқасында Наурыз мейрамы Мәңгілік Елдің біріктіруші рухани құндылығына айналды. Көктемнің тіршілікті оятар лебімен бірге Наурыз, біздің үйлесім мен өзара түсіністікке, достық пен бірлікке деген талпынысымызды орнықтыра түседі. Біздің еліміз бен халқымыздың бүгінгі табыс кілті, ертеңгі жеңістері мен жетістіктерінің кепілі, міне, осында жатыр. Наурыздың шуағы мен жарығы біздің ортақ үйіміз - Ұлы Дала Елінің жазиралы жазығын жылуына бөлесін.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.
20.03.2018 күні мектеп-лицейІ ұжымына арналған "Еліме шуақ бер, Халқыма қуат бер, Әз Наурызым!" атты іс шара өтті.
«О,қасиетті Жер -Ана!Алла-тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адамзатына дейін қуаныш нұрын себу үшін өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктеміңді шақырғалы отырмын. Беу, халайық! Жер -Ананы мекен еткен күллі адамзаттың үштен бірі барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы-Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін!» деген ақ батамен сырттан ақ құйып, тілек ағашына ақ байлатып «Ұлағат» аталар-әкелер, «Парасат» әжелер –аналар мектеюіне шақырылған қонақтарды қарсы алынды. Наурыз күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып,тілектер тіленеді (тілек ағашына ақ байланды)
Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі «Ұлыстың ұлы күні» құтты болсын айтылды. Кеш жүргізушілері қонақтарды үлкен спорт залға шақырып, жарапазан айтып кіргізді, шашц шашылды.
Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні 8 ауыл тігілді.
«Абай аулы» (Қоғамдық-гуманитарлық кафедра)
"Ыбырай ауылы" (Бастауыш)
"Шәкәрім ауылы" (Эстетикалық бағыттағы кафедра) ,"Қазыбек би" (Мектепалды даярлық)
"Мағжан"(Шет тілдер кафедрасы)
"Сәкен" (Жаратылыстану-математика кафедрасы),
"Шашубай" ауылы(Кішішаруашылық ауылы)
"Әлихан" Ата-аналар ауылы), деген аттар бердік
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының ашылу рәсімінде мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы сөй сөйлеп, Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Уа, халайық, қараңдар, Қыдыр ата келе жатыр.
Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер - демекші Қыдыр атамыздан Ұлыстың ұлы күніне жиналған қонақтарымызға бата сұраймыз.БАТА берді. Ұлыстың ұлы күні ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ ақ түйенің қарны жарылған күн – Наурыз. Салтанатты Наурызды ортаға шақырайық ТАУЫҚ жылын шығарып салып, Жаңа жыл Ит жылы қарсы алды.
Кеш барысында әрбір ауыл мына кезеңдер бойынша сынға түсті.
"Ұлттық сән , ұлттық киім"
"Ұлы даланың дархан дастарханы" (Әділ-қазы алқасы әрбір ауылды аралап, ұлттық тағамдарға баға қояды. Олар өздеріне берілген тапсырманы орындап болғанша өнерпаздарымыздың өнерін тамашалайық: «Наурыз көктем», «Наурыз тойы» әндері орындалды.
"Ұлттық дәстүр - ұрпаққа мирас"(Ұмытылған салт дәстүрлерді жаңғыртты).
Кеш соңында әділ-қазы алқасы жеңіске жеткен ауылдарды құттықтау, марапаттады. Наурыз думан қызықты ұлттық ойындармен жалғасын тапты.