«Жігітке жеті өнер де аз»
2018 жылдың 15 наурыз күні жас ұрпақтың, ер балалардың бойына ұлттық салт- дәстүрімізді, ер балаларға тән қасиеттерді қалыптастырып, елжандыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, ата-ана-мектеп-оқушы үштік одақ жұмысын жандандыру мақсатында «Жігітке жеті өнер де аз» байқауы өткізілді. Байқауға «Ұлағат» әкелер мектебінің мүшелері ағалар буыны және 8 сынып ер балалары қатысты. Байқау 5 кезеңді қамтыды. Таныстыру кезеңінде байқауға қатысушылар презентация арқылы өз-өздерін таныстырса, «Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөз алтын» кезеңінде өнер көрсету арқылы көрермендерді таң қалдырды. Дайын ресурстарды пайдаланып, өнім әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған "Шебердің қолы алтын» кезеңінде қатысушылар қазақтың ұлттық өнімі –қамшыны өрді. «Спорт-денсаулық кепілі» кезеңінде ұлттық ойындардан «Арқан тартыс», «Мергендік», «Асық ойыны» ойналды.. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені -8А сынып оқушысы Жанатұлы Диас жеңіп алды. 8Ә сынып оқушысы Қасенханов Махмут «Өнерлі жігіт» номинациясынмен, 8Б сынып оқушысы Оңал Досбол «Парасатты жігіт» номинациясымен, 8В сынып оқушысы Бохан Ерасыл «Шебер жігіт» номинациясын иеленді. Байқау тартымды өтті, қатысушыларымыз арнайы марапаттауларға ие болды. Құттықтаймыз!
Дата: 5.04.2018, 17:08 Автор: Школа - лицей №15 имени Алихана Букейханова