«Ана деген - алтын қазық, алтын бақ»
05.03.2018 күні «Көшбасшылар» залы мерекеге сай безендіріліп, ұстаздар, аналар, қыз балаларға арнап ашық хаттар, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Мереке қарсаңында оқушылар мұғалімдерді «Жанды дәлізбен» қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады.
«Ана деген - алтын қазық, алтын бақ» тақырыбында салтанатты саптық жиын өтті. Мақсаты: аналарды құрметтеу, ардагер-ұстаз аналарға оқушылардың ізгі ниеттерін көрсете отырып, мерекелік қуаныш сыйлау.
Отбасының ұйытқысы бола білген алтын құрсақ аналарға, қоғамдық шаралардың әрдайым басы-қасынан табылатын белсенді ата-аналарға, кәсіпкерлікті қолға алған іскер әйелдерге, сан салада табысты еңбек етіп жүрген асыл жандарға құрмет ретінде мектеп-лицей директоры Қ.Ш.Дубирбекова және ардагер -ұстаз З.А.Джакупова құттықтау сөз сөйледі. «Көшбасшылар» мектебінің белсенді мүшелері құттықтау тілектерін жолдап, әсем әуен ырғағында оқушылар ұстаз-аналарымен вальс биледі.
«Көшбасшылар» мектебі мен кәсіптік бағдар беру және эстетика кафедрасының ұйымдастыруымен педагогикалық ұжымға мерекелік концерт тарту етті.