«Оқу шаттығы»

Ақпан айының 22 күні 4 сынып мұғалімдері Жуманова Г.М.,Сатыбалдина Г.Х.,Имухаметова Т.С.,Тергеубаева К.А. ұйымдастыруымен Облыстық «Оқу шаттығы» жобасы аясында «Бір аймақ, бір кітап» акциясы бойынша оқуға міндеттелген 10 қазақ ертегісінің ішінен «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін 4 сынып оқушылары сахналық қойылым ретінде көрсетті. Іс-шараны жүргізуде Рысмаганбетова Жанерке мен Кумысханов Арсен көшбасшы қабілеттерін көрсете білді.Бұл іс-шара халық ауыз әдебиетінің көне түрлерінің бірі – ертегіні насихаттаудан бастау алды.Оқушыларға міндеттелген ертегілерді қаншалықты оқып өздерінің ойларына түйгендерін байқау мақсатында іс-шара барысында топтық жұмыс та ұйымдастырылды. Топтық жұмыс төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.
1.Пазылды дұрыс құрастыру.
2.Ертегінің тақырыбын атау.
3.Ертегіде кездескен кейіпкерлерді атау.
4.Ертегідегі негізгі ойды анықтау.
Мектеп-ата-ана- оқушы үштігі бірлесе отырып, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін оқушылармен бірлесе Канапиев Али немере рөлін ал әжесі Смаханова Дария әже рөлін сомдаса, қайырымды кейіпкер қарлығаштың ролін Илияс Гауһар,жағымпаз масаның ролін Накенова Амина, сәбиін әлдилеген ананың ролін Бейсентай Ақбота, Зұлым кейіпкер айдаһардың ролін Серікбай Азиз, айдаһардың уәзірлері ролін Алхамбаев Исламдияр, Серікбол Санжар мен Манатова Аружан,айлакер түлкі мен жолбарыстың ролін Абасбек Айгерім мен Рахманқұл Нұркелді және жан-жануарларды 4 сынып оқушылары орындады. Іс-шараға көрермен ретінде қалалық кітапхана қызметкерлері, баспасөз тілшілері,ата-аналар және мектебіміздің 3-сынып,7,9 сынып оқушылары көрермен ретінде қатысты. Барлық көрермендермен жұмыс соңында «Алты жақты текше» стратегиясы арқылы кері байланыс жүргізілді. Кері байланыс нәтижесінде іс-шараның оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттырып,кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятты деген ойдамыз.Сөзімді түйіндей келе:«Кітап – ең сабырлы ұстаз» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, тек кітап қана қайырымдылық пен надандықтың, ақиқат пен жалғанның ара-жігін айнытпай танып білуге үйретеді.