"Əнші балапан"

Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Осы орайда біздің білім ордамыз да ауқымды үлес қосуда. "Балқаш қаласының /15 мектеп-лицейі" КММ жанындағы "Таңшуақ" шағын орталығының музыка жетекшісі М.Ахметованың ұйымдастыруымен шағын орталық бүлдіршіндері мен мектепалды даярлық сыныптарының бүлдіршіндері арасында "Əнші балапан" байқауы болып өтті. Балдырғандарды өнерге баулып, олардың бойындағы талантты ашу-байқаудың басты мақсаты болып табылады. 
Байқау соңында бүлдіршіндерді өз көрсеткен өнерлеріне сай номинациялармен марапаттап, бас жүлде ең кішкентай "Қызғалдақ" тобының бүлдіршіні Кадиркул Жания "Əнші балапан" номинациясына ие болды. Өнерлерің үстем болсын жас бүлдіршіндер!