«Шаңырақ» топтарының дәстүрлі ІІ форумы
31.01.2018ж күні мектеп-лицейішілік «Шаңырақ» топтарының дәстүрлі ІІ форумы өтті. Форумға 11 «Шаңырақ» тобы қатысты.
Негізгі мақсаты оқушылар арасында бірлік, өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, қамқорлық сезімдерін , бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру.
Форум 3 кезеңнен тұрды.1 – ші кезеңде «Шаңырақ» топтары берілген шаңырақ атауларын стенд арқылы қорғап көрсетсе, «Мектеп – өмірі – менің өмірім» деп аталатын 2 кезеңде жыл бойы жүргізген жұмыстарын слайд, қойылым, Теd and Х арқылы қорғады.
3 кезеңде әрбір шаңырақ тобының шығармашылық, зерттеу жұмыстарына арналды. Яғни, әр топ «100 жаңа есім» төңірегінде қаламыздың танымал тұлғаларын зерттеп, жүргізілген жұмыстарымен таныстырды.
Нәтижесінде бас жүлдені 5«Ә» және 8 «Ә» сыныптарынан құралған «Толағай» «Шаңырақ» тобы жеңіп алды.
І орын- «Оқуға міндетті 100 кітап»- 6 «Г», 9 «Ә»;
ІІ орын- «Балқаш»- 6 «В», 9 «А»;
ІІІ орын- Қазақтың 100 әні, Шашубай Қошқарбай - 5 «Б»,8 «Б»
«Тоқырауын» - 6 «Ә», 8 «А»
«100 жаңа есім»- 5 «В», 7 «В»
«Ұлытау»-7 «Б», 9 «Б»
Қалған «Шаңырақ» топтары «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Қазыналы Қарағанды», «10 ата-ана кәсіпорында»-5 «Г», 8«В»;
«Қоғамға қызмет етемін»-5 «А», 7 «А»;
«Буккросинг»-6 «Б», 9 «В»;
ТedNis «Астана»-6 «А», 10 «А»