Размер шрифта:

«8 Наурыз – Халықаралық әйелдер» мерекесі

 «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер» мерекесі

«Ана – өмірдіңгүлі»атты

 «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер» мерекесі қарсаңында

 өткізілген іс-шаралар

АҚПАРАТЫ

05.03.2018ж  күні  «Көшбасшылар» залы мерекеге сай безендіріліп, ұстаздар, аналар, қыз балаларғаарнап ашық хаттар, қолөнер көрмесіұйымдастырылды. Мереке қарсаңында оқушылар мұғалімдерді «Жанды дәлізбен» қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады.

«Ана деген - алтын қазық, алтын бақ» тақырыбында салтанатты саптық жиын өтті. Мақсаты: аналарды құрметтеу, ардагер-ұстаз аналарға оқушылардың ізгі ниеттерін көрсете отырып, мерекелік қуаныш сыйлау.

Отбасының ұйытқысы бола білген алтын құрсақ аналарға, қоғамдық шаралардың әрдайым басы-қасынан табылатын белсенді ата-аналарға, кәсіпкерлікті қолға алған іскер әйелдерге, сан салада табысты еңбек етіп жүрген асыл жандарға құрмет ретінде мектеп-лицей директоры Қ.Ш.Дубирбекова және ардагер -ұстаз  З.А.Джакупова құттықтау сөз сөйледі.«Көшбасшылар» мектебінің белсенді мүшелері құттықтау тілектерін жолдап, әсем әуен ырғағында оқушылар ұстаз-аналарымен вальс биледі.

«Көшбасшылар » мектебі және кәсіптік бағдар беру және эстетика кафедрасының ұйымдастыруымен педагогикалық ұжымға мерекелік концерт тарту етті.