Размер шрифта:

«Аяулы да, алтын нұрлы аналар!»

«Аяулы да, алтын нұрлы аналар!»

«Аяулы да, алтын нұрлы аналар!» атты ардагер ұстаз аналар,

әжелер, іскер аналармен кездесу кешінің

АҚПАРАТЫ

02.03.2018ж   күні мектеп-лицейдің жоспары бойынша атқарылатын іс-шараларға Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының аға оқытушысы  Ғ.Ғ.Смагулова , қала мектептерінің мұғалімдері және мектеп-лицей ата-аналары қатысты. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Ж.Сатыбалдинаның ұйымдастыруымен 4 сыныптар арасында өткізілген «Рахмет, саған Отаным!» атты интеллектуалды ойын , «Мен бақытты баламын» атты психологиялық тренинг және «Bookbingo»,«Book Dingo», «Терминдерді анықта» атты ойындарын тамашалады.

Ардагер  ұстаз-аналар, әжелер, іскер аналарды ұлықтау мақсатында «Аяулы да, алтын нұрлы аналар!» атты  кеш болып өтті. Кешке «Парасат» аналар-әжелер мектебінің мүшелері, жас аналар қатысты. Кеште Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының аға оқытушысы  Ғ.Ғ.Смагулова  жақсы тілек айтып, аналарды құттықтады.

Оқушылар анаға деген ыстық ықыласын әнмен, өлеңмен жеткізіп, қонақтарға өздері жасаған гүлді сыйлық ретінде ұсынды. Кешті ұйымдастырушылар мектеп-лицейдің «Көшбасшылар» мектебі, «Серілер» ұлдар клубы, «Қыз Жібек» қыздар клубы.