Размер шрифта:

Жанарымда туған жер

Жанарымда туған жер

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған 1-сыныптарды  «Жанарымда туған жер» атты мектеп-лицей мұражайымен «Балқаш қалалық өлкетану мұражайына» виртуалды экскурсиясының ақпараты.

2018 жылдың 14 ақпан күні 1-сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында , мектеп-лицей мұражайының мектеп оқушыларының азаматтық тәрбиесін  дамытуға бағытталған рөлін жетілдіру, оқушыларды рухани-адамгершілікке, патриоттық және азаматтылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жанарымда туған жер» тақырыбында мектеп-лицей және «Балқаш қалалық тарихи өлкетану  мұражайына»  виртуалды экскурсия жасады.  Экскурсия барысында оқушылар Балқаш өңірінің табиғатымен, көптеген құстардың түрлерімен ,  Балқаш көлінің тарихымен, ондағы өмір сүретін балық түрлерімен  танысты. Сонымен қатар «Үгіт насихат» тобы өз Отанына, туған жеріне деген махаббаттарын өздері дайындап келген өлең, жыр  шумақтары арқылы білдірді. Экскурсия соңын  оқушылар  «Туған елім» өлеңімен аяқтады.