Жаңартылған білім беру мазмұны «Адами капитал – жаңғыру негізі»

Жаңартылған білім беру мазмұны «Адами капитал – жаңғыру негізі»

Жаңартылған білім беру мазмұны «Адами капитал – жаңғыру негізі» 
Қазіргі таңда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – педагогтің кәсіби тәжірибе негізінде үздіксіз өз білімін арттыру, дамыту, шыңдауға әкелетін кәсіби тәжірибені жаңарту, жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі. Білімдегі жаңашылдықты одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңғыртылған әдістемелік жүйені меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру, жаңа талаптарға сәйкес жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру білікті педагогтердің міндеті болып отыр. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік үдерістер баланың жеке тұлғасына, ішкі жан –дүниесіне бағытталған жаңа оқу мақсаттарын құрастыруды талап етіп отыр, яғни өздігінен жаңалық аша білетін ұрпақты тәрбиелеу. 
НЗМ тәжірибесін трансформациялау бойынша жылдық жоспарға сәйкес ашық есік күндерін өткізу дәстүрге айналды. 01.02.2018 күні сағат 12.00-де «Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі»КММ-де білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге дайын болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту, оқытудың заманауи техникалық, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты ашық есік күні өтті. Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскерлері К.К. Айнабекова, Ж.А.Айтжанова, Г.С.Мейірбекова және қала мектептерінің координаторлары, директордың орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламаға сәйкес төрт бөлімнен тұрды. 
І. «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер» бөлімінде П. Бақытқызы «Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту «Ақпараттық-коммуникативтік дағдылар», С.С. Сулейменова, С.К. Омаров «Жаһандық әлемде өмір сүру үшін- үштілділік білім беру», И.Ж. Жуматова, А.Т. Сартаева «Тіл таным» тілдер зертханасы, З.А.Джакупова, С.К. Сатбек «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалаудың маңызы» , мектеп алды даярлық тобынан М. Жумажанова «Жас эколог» бағдарламасы аясында, Г.М. Жуманова, Ш.Т.Жакупова ұлттың әлеуетін арттыру «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы «Шаңырақ шуағы» ата-аналарға тренингтер өткізілді.
ІІ . Жаратылыстану –математика бағытында Сулейменова С.С. , Ахметова Д.Д., Бекенова С.С., Омаров С.К., Оразан А., Естенова А.Елеужанова А., Тоқмағанбетова А.Б. ,Алиева Д. ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды дамытатын цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, заманауи сабақтар көрсетті.

ІІІ. Тілдер бағыты бойынша Тулкина Д.М., Серикова Г.А , Жуматова И.Ж, Сартаева А.Т. Кабдиманова А.К. Гурьянова М.Г., Сейткалиева С.Н., Рахимбекова К.О., Бедербекова М.С тілдік 4 дағдыға негізделген, білім мазмұнын жаңартудағы қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларға кері байланыс орнатып, коллаборативті ортада жұмыс жасады.

ІҮ Блок. «Start up» Сулейменова С.С. ,Робототехника. Инженерлік компьтерлік үш өлшемді модельдеу технологиясы:«Болашақ инженерия», Омаров С.К.,Совет А.Д.,Әбеу А.Т.,Серікбай А.С., Экономика және қаржы сауаттылығы:«Сән студия» мектебі Байтулеуова Д.С.,Қанат Г., Рахимберлина А.А., «Футбол» сабағын сынақтан өткізу Алимбетова С.А.., Жасымхан Н.Read and X «Book crossing» Башарова Г.Т., Тойшыбекова Б.Б, «Оқу шаттығы» әлеуметтік- педагогикалық жобасы 5-7 сынып Тайжанова Қ.Б., «Зиялы сенбі» Бейсекина К.А., Акшалова А.,Төретай Ә.Р жобалары ұйымдастырылып, қорғалды.

 

Мұғалімнің кәсіби дамуы, білім мазмұны, тәрбие жұмысы, білім үрдісін қолдау, тәжірибені тарату бүгінгі күннің басты талабы екенін түсініп, осы семинарларда ашық алаңда пікір алмасты. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға барлық оқушыларды тарту үшін қолайлы бірлескен орта жасау арқылы танымдылық белсенділіктерін арттыру керек екендігі айтылып, қала мектеп мұғалімдерімен іс-әрекеттегі зерттеу танымдық қызығушылықтарды дамыту үшін қолданылған әдістер мен құралдардың тиімділігі туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Нәтижесінде НЗМ тәжірибесін қолдану аясында іс-тәжірибемен бөлісіп, кері байланыс орнады.