Размер шрифта:

«Туған жерге туыңды тік» атты түлектермен кездесу

«Туған жерге туыңды тік» атты түлектермен кездесу

«Туған жерге туыңды тік» атты түлектермен кездесу

Кездесу мақсаты:Біздің мектептің түлектерінен мамандық таңдауда, бағыт бағдар алу мақсатында, мектептегі 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу кешіне мектеп-лицей оқушыларының тың пікірлермен ой бөлісуге шақырып сұхбаттасу,пікірлесу.

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Елбасы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге қатысты келелі ойлар айтады: «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады».

 Мектептен түлеп ұшқалы отырған 9-10-11-сынып оқушыларын «Қандай мамандықты таңдаймын?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан оқушыларға  мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны,  әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту. Бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттері мен әртүрлі салада қызмет ететін мамандардың, мамандықтарын кейінгі ұрпаққа  үлгі ету. Бүгінгі зиялы сенбіде мектеп-лицейімізден түлеп ұшқан түлектеріміз: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің  ІІІ курс студентіОмирбаев Абылай, Төреқұл Нұрсауле мектеп-лицейіміздің ағылшын тілі мұғалімі кешіміздің құрметті қонағы болып, ашық әңгіме, пікір -алмасу алаңына айналды десе де болады. Кездесу барысында 10-11 сынып оқушылары өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, ойларын бөлісті. Сонымен қатар түлектеріміздің сынып жетекшілері яғни Султанова Балғын Бектаевна өзінің сүбелі ойларын ортаға салып, ақыл-кеңесін ортаға салды.