«Зиялы сенбі»
14.10.2017 ж «Таңшуақ» шағын орталығында ата-аналарымен «Зиялы сенбі» кездесуі өтті. Мектепке дейінгі тәрбие мен отбасының арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, бала тәрбиесінде ата-ананың ықпалы мен ынта, жігерін арттыру масатында бала тәрбиесінде үлгілік көрсетіп жүрген отбасылар шақырылған болатын. Олар: Елеусізовтар отбасы, Бейсенбаевтар отбасы, Жолдасбаевтар отбасылары. Кездесу барысында бала тәрбиесінде үлгілілік көрсеткен ата-аналар мектебінен озық тәжірибелерді көрсетіліп, кеңестер берілді. Шағын орталықтың жас ата-аналары көрермен ретінде қатысып, үлгілі отбасыларға сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Дата: 19.10.2017, 3:37 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі