ҰСТАЗ – ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ
Мектеп – лицейдің педагогикалық ұжымы мен оқушылары ұстаздардың төл мерекесі «Ұстаздар күнін» атап өтті. Оқушыларды өз ұстаздарын сыйлау мен құрметтеуге, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге негізделген «Өзін - өзі басқару» ұйымының жұмысын 10 «А» сынып атқарды. І қабаттағы «Көшбасшылар» залы тақырыпқа сай безендіріліп, оқушылар ұстаздарға деген тілектерін ашық хаттар арқылы білдірді. «Таңшуақ» шағын орталығы мен мектепалды даярлық сыныптары ата - аналар комитетімен ұжымдасып «Мен ұстазымды мақтан тұтамын» атты көрме ұйымдастырды.
8-9 сынып оқушылары ұстаздарды «Жанды дәліз» арқылы қарсы алып, таңғы жаттығуға шақырды. Оқушылар ұстаздарға арналған тренингпен мұғалімдерді сергітіп алды. 10 «А» сынып оқушылары 7-9 сыныптарында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты сынып сағаттарын жүргізді. Салтанатты саптық жиында мектеп – лицей оқушылары ұстаздар үшін «Ұстазым» әнін шырқап, мектеп – лицей түлектері тілегін білдірді. Мереке «Ұстаз – ұлы есім» атты концертке ұласты.