Размер шрифта:

«Топсеруен»

«Топсеруен»

1 шілде айы «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары үшін қаламыздағы көрікті жерінің бірі «Астана» аллеясына саяхатпен жалғасты. Бас қаламыз Астана қаласына арналып құрылған бұл аллея Балқаш қаламызда ерекше орынды және назарды алады. Біздің сауықтыру орталығының демалушылары да бұл аллеяда серуендеп, ойнағанды жақсы көреді. Бүгінде саяхатымызды осы «Астана» аллеясына саяхат жасауға арнадық. Балалардың барлығы аллеядағы балаларға арналған қалашықта көңілді, әр-түрлі қызықты ойындар ойнады. Сондай-ақ көптеген балаларға арналған  сырғанақтар, алтыбақан тепті. Бүгінгі күн демалушылар үшін көңілді өтті.