«Қызықты демалыс»
![«Қызықты демалыс»](/media/img/journal/5955fd25481e8.jpg)
30 маусым күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары үшін бүгінгі күн өте қызықты ерекше көңілді өтті. Таңғы жаттығудан кейін таңғы астарын ішіп, «Менің қызықты демалысым» тақырыбында суреттер салып, балалар бір-бірімен өздерінің жазғы демалыс қалай өтіп жатқаны туралы пікірлер алмасты. Сондай ақ қаламыздағы көрікті ғимараттарының бірі Шашубай мөлтек ауданында орналасқан «Miki Hous» ойын-сауық орталығына саяхат жасадық. Орталықта балалар көптеген ойын-автоматтарымен, батутқа әр-түрлі ойындар ойнады. «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушыларының көңіл-күйлері өте көтеріңкі болды. Бүгінгі күн балалар үшін өте ерекше есте қаларлық қызықты демалыс болғаны анық.
Дата: 30.06.2017, 7:28 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі