«Ерекше күн»
28 маусым күні «Балдәурен» жазғы сауықтыру орталығының демалушылары үшін ерекше күн болды. Себебі демалушылар қаламыздағы 1970 жылы қаланған «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейіне» саяхат жасады. Мұражайдағы түрлі «Қазақтың халық аспаптары», «Өлкенің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі» сияқты көптеген экспозицияларды көрді.Табиғат залына, этнография залына, қазіргі заман тарихы залына , соның ішіндегі ең қызықты зал- археология залындағы пештің макетін, тас мүсіндерді, петроглифтерді тамашалады. Сондай-ақ әр түрлі тақырыптық көрмелер мен мұражй жинақтарын көріп танысты.
Саяхаттан кейін демалушылар мектеп-лицей алаңында әр түрлі қимылды ойындар ойнап денелерін шынықтырды.
Дата: 28.06.2017, 7:36 Автор: Школа - лицей №15 имени Алихана Букейханова