«Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» атты мерекелік іс – шара өтті.
02.06.2017жкүні «Балдәурен» сауықтыру орталығында 4 - маусым Қазақстан Республикасының рәміздер мерекесіне орай, оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздермен жан – жақты таныстыру, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін кеңейту мақсатында
«Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» атты мерекелік іс – шара өтті. Іс – шара музыка жетекшісінің сүйемелдеуімен гимнді орындаудан басталды. Тәрбиешілер оқушыларға мемлекеттік рәміздер және олардың маңызы жөнінде мағұлмат берді. Рәміздер туралы викториналық сұрақтар қойылды. Рәміздердің авторлары туралы білетіндерін ортаға салды. Балалар өздерінің дайындап келген өлең – жырларын мәнерлеп оқыды. Оқушылар «Атамекен», «Астана», «Қазақстан» топтарына бөлініп, топтық жұмыстар жасады. «Сөз ойла, тез ойла», «Жауабын тап» ойындарын ойнады. Соңында балалар өз Отаннын сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, еліміздің көркейіп, дамуына өз үлестерін қосуға ант берді. Қорытындылай келгенде: іс – шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы екенін сезініп, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылатынын ұғынды.