1 - ші маусым Балаларды қорғау күні!
1 - ші маусым Балаларды қорғау күні!
«Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» - деген нақыл сөзді ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Перзентін көңілдің гүлі, көздің нұрына теңеп, жүрек түкпіріндегі үлкен үміттерінің иесі санайды. Сондықтан 1- ші маусымда тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні – орны ерек, мәні бөлек мереке. Аталмыш мейрамда №15 мектеп-лицейінің оқушылары, «Таңшуақ» шағын орталығының бүлдіршіндері ән айтып, би биледі, мерекелік іс-шара 5-7 сыныптар арасында «Асығың алшасынан түссін!», «Жеті табан» дәстүрлі ұлттық ойындары, 3-5 сынып оқушылары арасында «Алға, Қазақстан!» атты флэшмоб, 1-2 сыныптар арасында «Алақай жаз келді!» атты тақырыпта асфальтта сурет салу арқылы мереке түрлі ойындармен жалғасын тапты. Аз қамсыздандырылған отбасынан шыққан және қорғаншысы бар оқушылар да назардан тыс қалмады, оқушыларды «Микки-Хаус» балалар ойын-сауық орталығына , «Алем-Синема» кинотеатр орталығына барып көңіл көтеріп,жеке кәсіпкерлердің қолдауымен оқушыларға балмұздақ, тәтті тағамдар таратылды.
Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтаймыз!